Меню KDT

logo.png?_=1675492966

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Чермошнян орта мектебі» КММ »
  • kz
  • ru
  •  

    Инфрақұрылым: даму және жаңғыру

     Бірінші жартыжылдықта 27 мыңға жуық жаңа мектепке дейінгі орындар ашылды, бұл – балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 91,5%-ға дейін ұлғайтуға ықпал етті. 

    Бірінші жартыжылдықта 27 мыңға жуық жаңа мектепке дейінгі орындар ашылды, бұл – балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 91,5%-ға дейін ұлғайтуға ықпал етті. Қалалар мен ауылдық жерлер арасындағы білім беру мүмкіндіктеріндегі алшақтықты азайту үшін жаңа оқушы орындары енгізілуде, жыл сайын 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылады және роботты техника, химия, биология, физика және STEM-зертханалар бойынша заманауи пәндік кабинеттер сатып алынады.

    🔺 Сондай-ақ мамандандырылған білім беру мекемелерінің желісін кеңейту шаралары жалғасуда. Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі 88%-ға дейін артты, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 80%-ға жетті. Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін қосымша критерийлер әзірленді.

    ✔️ Колледж студенттерінің тұрғын үй жағдайы жақсаруда. Еліміздің өңірлерінде 2,6 мың төсек-орынға арналған 11 жаңа жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр, бұл студенттердің 85%-дан астамын үй-жаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    26.07.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки