Жыл сайын 12 сәуірде Қазақстанда «Ғылым күні» аталып өтіледі, осыған байланысты мектебімізде ақпараттық көрме ұйымдастырылды.
Жыл сайын 12 сәуірде Қазақстанда «Ғылым күні» аталып өтіледі, осыған байланысты мектебімізде ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Мереке күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күн Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күнімен байланысты.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1963) Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Кеңестік геолог, кеңестік металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, қазақ металлогения мектебінің негізін салушы. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – әлемге әйгілі ғалым. Оның геологияның ғылым ретінде дамуына қосқан үлесі ерекше бағаланады. Қаныш Имантайұлы Қазақстанда әлі күнге дейін еліміздің экономикалық жағдайы мен дамуына әсер етіп отырған ауқымды жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға атсалысты.